Астана Отбасы күнін атап өтті

Фотография - Астана Отбасы күнін атап өтті

Биыл Астана қаласы алғаш рет «Отбасы күнін» атап өтті. Мереке аясында елордамызда 20-ға жуық түрлі іс-шара ұйымдастырылды. Соның ішінде «Денсаулық фестивалі-2013» атты жаппай жеңіл атлетикалық жүгіру жарыстары өткізілді

240 0

Биыл Астана қаласы алғаш рет «Отбасы күнін» атап өтті. Мереке аясында елордамызда 20-ға жуық түрлі іс-шара ұйымдастырылды. Соның ішінде «Денсаулық фестивалі-2013» атты жаппай жеңіл атлетикалық жүгіру жарыстары өткізілді.

Денсаулық фестиваліне бас қаланың 10-нан астам колледждері мен университеттерінен 2000-ға жуық студент қатысты. Олар Жұмабаев - Мұңайтпасов көшелерінің қиылысынан бастап «Жерұйық» паркініне дейін аралықты жүгіріп өтті. Мәреге жеткен қатысушылар функционалды жаттығулар жасап, одан әрі шынықты. Сондай-ақ білімгерлердің арасында түрлі эстафеталық жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!