Оралда жүн түтетін цех ашылды

Фотография - Оралда жүн түтетін цех ашылды

Оралда қойдың жүнін түтетін жаңа цех көпшіліктен тапсырыс қабылдай бастады

577 0

Оралда қойдың жүнін түтетін жаңа цех көпшіліктен тапсырыс қабылдай бастады деп хабарлайды www.zhaikpress.kz

Радий Галимуллин «Надежда» тігін-тоқыма фабрикасында ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Білікті маман жүн түту ісінің басы-қасында жүрді. Еңбексүйгіш ағамыз зейнеткерлікке шықса да, жұмыстан қалмады. Жыл өткен сайын оның өз ісін ашуға деген ынта-жігері үстем бола түсті. Бұдан екі ай жарым бұрын ол аталмыш фабриканың есептен шығарылған ескі жүн түту жабдығын сатып алып, жеке кәсіпкерлік нысанын ашты. «Бұл өзі сатып алғанымда бір құшақ темір болатын. Біздің шаһарда мықты жөндеушілер, токарьлар әлі де баршылық. Солардың көмегімен бір жыл бойы жөндеп, ретке келтірдік. Қайсыбір бөлшегін тапсырыспен жасаттық, тіпті трактордың дөңгелегін де кәдеге асырдық»,- деп күледі Радий Рафхатұлы.

Кәсіпкер қаланың ескі собор ауданынан қараусыз ғимаратты жеке жинағына сатып алып, цех ашты. Бүгінде жүнді түтіп, орама етіп шығаратын жабдықты іске қосып, тұрғындарға қызмет көрсетуде. «Келушілер көп емес, бірақ төсек орнын жаңартуға және ақ адал өсірген малының өнімі рәсуа етпеуге тырысатын жандар риза болып кетеді. Бұл іс нәпақамызды айыруға жарап тұр, келісіне 250 теңгеден аламыз. Жабдығымыз ескі болса да, сағатына 30 келі жүнді түтуге жарайды»,- деді кәсіпкер. Сонымен қатар цехта түтілген жүннен көрпе жасауға тапсырыс қабылдайды. Әзірге тігіншілікке бір адам қабылданған. Кәсіпкерлік нысанында екі жұмысшы жабдықтарды жөндеумен айналысады. Ал, кәсіпкердің өзі мен оның күйеу баласы жүн түтетін жабдықта істейді.

Кәсіпкерлікке бел шеше кіріскен қартың мұнымен тынар емес. Ресейдің Пенза қаласынан көпшікті жаңартатын, оның ішіндегі құс мамығын тазалайтын жабдықты сатып алып, іске қосты. Енді облыс тұрғындарына көпшікті жаңарту қызметін де көрсетуде. Елгезек жан еңбектен жан рахатын тауып жүргенін жасырмайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!