Түркістан еліміздің туристік орталығына айналмақ

Фотография - Түркістан еліміздің туристік орталығына айналмақ

Түркістан қаласы - тегі бір, тарихы ортақ түркі елдерінің түп қазығы

489 0

Түркістан еліміздің туристік орталығына айналмақ.Түркістан қаласы - тегі бір, тарихы ортақ түркі елдерінің түп қазығы. Қала жыл санап көркейіп келеді. Түркістан исі мұсылман елдері үшін ғана емес, дүниежүзі халқы үшін де қадірлі мекенге айналған. Мұнда жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірі мен еліміздің әр аймағынан 700 мыңнан астам адам келеді.

Туризмді дамытып, саяхаттап келушілерге сапалы қызмет көрсету мақсатында жергілікті билік бірнеше жобаларды қолға алған. Түркістандағы ірі әлеуметтік жобаны басым көпшілігі туристік саланы дамытумен байланысты. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі маңында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 200 орынға лайықталған туристік орталық салынуда. Онда қонақ үй, тамақтанатын орын, автотұрақ қарастырылған. Ал екінші ғимарат «Қолөнер шеберлерінің орталығы» деп аталады. Қос нысанның құрылысына облыстық бюджеттен 700 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Бұл туризмді дамыту жоспарының бір парасы ғана. "Негізгі кесенеге келетін үлкен даңғыл жол бар. Сол даңғыл жолдан троллейбус жүргізуді қолға алмақпыз. Осы 3-4 шақырымды қамтып өтсек, ол қаланың заман талабына сай болуына, оның экологиясына, қаланың келбетіне де оң үлесін қосады", - дейді Түркістан қаласының әкімі Бақытжан Әшірбеков. Түркістанда ұлт өркениетінің салт-дәстүрі мен қолөнері сақталған, оны келешек ұрпаққа жеткізу үшін арнайы тарихи-мәдени, этнографиялық орталық та ашылған. Онда жүздеген көне жәдігерлер қойылған. Болашақта «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы ашу, қала тарихынан сыр шертетін түрлі кітаптарды шығару да жоспарланған. Қазір шаһарда ашылып жатқан шағын және орта бизнес нысандарының сәулетіне де ерекше мән беріліп отыр. Ежелгі Сауран қалашығын ашық аспан астындағы музейге айналдырып, Үкаш ата мен Гауһар ана кесенесі сияқты нысандарға жол төселіп, инфрақұрылым жүргізіліп жатыр. Тағы 3 туристік орталық ашылмақ. Туристік бағыттарды кеңейту арқылы табыс көзін молайту жолдары да қарастырылуда.  


Тегтер:

туризм

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!