Сұйық көмірсутегінің өндірісі 3 есеге артты

Фотография - Сұйық көмірсутегінің өндірісі 3 есеге артты

Жиырма жылдың ішінде елімізде сұйық көмірсутегінің өндірісі 3 есеге артты. Тәуелсіздік алған жылдан бері мұнай газ секторындағы жеткен жетістігіміз жайындағы әңгімесін ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин осыдан бастады

169 0

Жиырма жылдың ішінде елімізде сұйық көмірсутегінің өндірісі 3 есеге артты. Тәуелсіздік алған жылдан бері мұнай газ секторындағы жеткен жетістігіміз жайындағы әңгімесін ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин осыдан бастады.

Өз сөзінде министр «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында мұнай-газ секторы бастапқы орын алады. Бүгінгі күні Қазақстан дәлелденген мұнай қоры бойынша әлемнің алғашқы он елінің және жетекші жиырма мұнай өндіруші мемлекеттердің қатарына кіреді. Егемендік жылдары, Қазақстанның мұнай-газ кешені қуатты екпінмен дамыды. Каспий теңізінің қазақстандық секторында ауқымды игеру басталды. Теңіз, Қашаған және Қарашығанақта ірі мұнай-газ жобалары бойынша жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде жиырма жылдың ішінде сұйық көмірсутегінің өндірісі 3 есеге артты» деп атап өтті Қарабалин.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!