Жарылқап Қалыбайдың құқығы бұзылған жоқ (фото)

Фотография - Жарылқап Қалыбайдың құқығы бұзылған жоқ (фото)

Бүгін Алматы қалалық сотында қоғамда үлкен дау-дамай тудырған «Жұлдыздар отбасы» және «Аңыз адам» журналдарының  редакторы Жарылқап Қалыбайдың әкімшілік жазаға тартылуына байланысты брифинг өтті.

301 0

Бүгін Алматы қалалық сотында қоғамда үлкен дау-дамай тудырған «Жұлдыздар отбасы» және «Аңыз адам» журналдарының  редакторы Жарылқап Қалыбайдың әкімшілік жазаға тартылуына байланысты брифинг өтті.

«Аталған іс бойынша сот шешімі заңды деп танылыды. Жарылқап Қалыбайға тағылған айып, қоғағмдық тәртіпті және жолаушылардың тыныштығын бұзу болып отыр. 5-ші қыркүекте қаралған іс бойынша Жарылқап Қалыбайдың келтірген уәждері негіссіз деп танылған», - дейді Алматы қаласының ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы А. К. Абдраимов.

Қалалық соттың судьясы А. М. Тұрғынбайұлы мәлімдегендей, сотта Ж. Қалыбай өз кінәсін жартылай мойындаған. Сонымен қоса, бастапқыда белгіленген жаза 5 тәулік болатын, алайда айыпталушының әкімшілік жазаға алғаш рет тартылып отырғаны ескеріліп жаза 3 тәулікке өзгертілген.

Мұның алдында отандық БАҚ-тарда Жарылқап Қалыбайдың соты куәгерлерсіз және адвокатсыз өтті деген ақпарат тараған болатын. Алайда судяның мәлімдемесі бойынша, Жарылқап Қалыбай адвокаттан өзі бас тартқан және соттың куәгерлерсіз өтуіне қарсы болмаған. Ал куәгерлердің түсініктемелері сотта оқылған. Олардың сотқа қатыспауының басты себебі жұмыс барысы бойынша халықаралық рейістерге шығып кетуі деп түсіндірілді.

«Негізі Жарылқап Қалыбайдың әкімшілік жазаға тартылуына себеп болған жолсеріктің түсірген шағымы болып отыр. Дау дамай 22:45 басталған, ал сағат 23:00 жасалған сараптама нәтижесі Қалыбай мырзаның жеңіл дәрежедегі мас күйінде болғандығын көрсетті», - дейді қалалық соттың баспасөз хатшысы Б. Т. Байзақов.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!