Санитариялық авиация 900-ден астам науқасқа қызмет көрсетті

Фотография - Санитариялық авиация 900-ден астам науқасқа қызмет көрсетті

Соңғы 7 айда Республикалық санитариялық авиация орталығының ұтқыр бригадасы 718 рет көкке көтеріліп, 900-ден астам науқасқа 1000-нан астам медициналық қызмет көрсетті

182 0

Соңғы 7 айда Республикалық санитариялық авиация орталығының ұтқыр бригадасы 718 рет көкке көтеріліп, 900-ден астам науқасқа 1000-нан астам медициналық қызмет көрсетті.

   Қазіргі таңда Қазақстанның барлық аумақтары медициналық құралғылармен жабдықталған санитариялық авиация қызметінің тасымал құралдарымен толық қамтылған (5 тік ұшақ, 11 ұшақ).

   Бүгінгі күні санитариялық авиация қызметі бойынша 15 үйлестіруші жұмыс жасайды. Олар медициналық қызметті үш түрде ұсынады: жедел медициналық қызмет көрсетіп, операция жасау, кеңес беру және науқастарды тасмалдау.

   Санитариялық авиация қызметін дамыту мақсатында 2013 жылғы маусымда Республикалық санитариялық авиация орталығы мен Hemogens pharma health care компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл компания жедел медициналық көмек көрсетуде және Түркияда санитариялық авиация нысанында көмек көрсетуде мол тәжірибеге ие.

   Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары: санитариялық авиация қызметінің медициналық және басқарма қызметкерлерін оқыту бойынша бағдарламаларды, санитариялық авиация аумағында ғылыми семинарларды, кеңестер және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу болып табылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!