Оралда қала күніне орай 10 спорт, 10 балалар алаңы және 350 орындық балабақша ашылмақ

Фотография - Оралда қала күніне орай 10 спорт, 10 балалар алаңы және 350 орындық балабақша ашылмақ

14 қыркүйекте аталып өтілетін қала күніне орай Оралда 10 спорт, 10 балалар алаңы және Самал көшесінде 350 орындық жаңа балабақша ашылмақ

370 0

14 қыркүйекте аталып өтілетін қала күніне орай Оралда 10 спорт, 10 балалар алаңы және Самал көшесінде 350 орындық жаңа балабақша ашылмақ.

Қала әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш мерекеге орай одан басқа көптеген шаралар жоспарланып отыр. Мәселен, 13 қыркүйек күні «Орал» сауда ойын-сауық орталығында «Менің асыл қалам» тақырыбында мерекелік шара өтіп, тауарлар жеңілдікпен сатылады. 14 қыркүйек күні жаңа нысандар салтанатпен ашылып, облыстық жол полициясы басқармасы жанынан Абай алаңына дейін велошеру болмақ. Абай алаңында қала күніне арналған концерттік бағдарлама қойылып, музе йлерде ашық есік күні өтеді. Ақжайық, Тасқала, Зеленов, Бөрлі, Сырым, Теректі аудандары көркемөнерпаздары Круглоозерный, Деркөл, Желаев, Зачаган кенттерінде, қалалық мәдениет және демалыс саябағында, Салтанат сарайы алаңында концерт қояды. Облыстық тарихи-өлкетану музейі алаңында «Ғасырлар мұрасы» атты қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылса, «Ақжайық» футбол клубының стадионында спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Абай алаңында «Бастау» мүсіндік композициясы ашылып, Д. Нұрпейісова көшесі бойында гүлдер фестивалі, ұлттық-мәдени орталықтар қойылымдары Сорочин жәрмеңкесіне жалғаспақ. Облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебінің залында волейболдан халықаралық «Достық» турнирі өтсе, кешкісін П. Атоян атындағы стадионда Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт қойылып, ол отшашуға ұласады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!