Жарылқап Қалыбай: «Мен істі соңына дейін қуамын» (фото)

Фотография - Жарылқап Қалыбай: «Мен істі соңына дейін қуамын» (фото)

Бүгін Ұлттық баспасөз клубында қоғамда резонанс тудырған «Жұлдыздар отбасы» және «Аңыз адам» журналдарының  бас редакторының әкімшілік жазаға тартылуына байланысты Жарылқап Қалыбайдың өзі мен адвркаты Абзал Құспан баспасөз мәслихатын өткізді.

280 0

Бүгін Ұлттық баспасөз клубында қоғамда резонанс тудырған «Жұлдыздар отбасы» және «Аңыз адам» журналдарының  бас редакторының әкімшілік жазаға тартылуына байланысты Жарылқап Қалыбайдың өзі мен адвркаты Абзал Құспан баспасөз мәслихатын өткізді.

Адвокаттың айтуынша Жарылқап Қалыбайдың сотқа адвокатсыз баруы құқықтық сауаттылықтың жетіспеуі мен асығыстық іс әрекет болған. «Ендігі амал істі соңына дейін қуып, қолданылған жазаның білдей екі республикалық журналдың редакторына, зиялы адамға лайықты емес екендігін дәлелдеу», - дейді адвокат Абзал Құспан.

Жарылқап Қалыбайдың өзі оны ұстаған құқық қорғау органдарының адамдарының жазаның ары барса айыппұл төлеумен шектеледі деген сөзіне сенгендіктен сотқа дайындықсыз барғандығын айтады.

Жарылқап Қалыбай: Менімен жалжандасып қалған негізі ер адам, Хабибуллаев деген болатын. Үстіме томат шырынын төгіп жіберген еді, мұның қалай дегеніме «на русском говорите, на казахском не понимаю» деді. Сосын мен соңынан қуып барып, мен неге орысша сөйлеуім керек дегенмін. Алайда маған шағым түсірген Хабибуллаев емес, қазақша білетін Абдильданова деген қызға жасатып отыр.

Адвокаттың айтуынша сот отырысы өте сала үш күнге қамалған Қалыбай мырзаның аппеляциялық шағымы келесі күні-ақ, оның қатысуынсыз қаралған. Негізінен аппеляциялық шағымның қаралу мерзімі сот отырысынан 10 күннен кейін қаралу керек болған.

Жарылқап Қалыбай мен адвокат Абзал Құспан ҚР Көлік және байланыс министірінің тына шағым жазып тұтынушының құқын бұзған компанияға шара қолдануын сұрамақ.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!