Марқұм А.Горюновтың әйелі Helios-қа жұмысқа тұрды

Фотография - Марқұм А.Горюновтың әйелі Helios-қа жұмысқа тұрды

Жарылған бензовозда қаза болған жүргізуші Александр Горюновтың әйелі Helios компаниясына жұмысқа кірді

127 0

Жарылған бензовозда қаза болған жүргізуші Александр Горюновтың әйелі Helios компаниясына жұмысқа кірді.

Марқұмның әйелі Наталья Горюнованың айтуынша, оның компанияға мұрағатшының көмекшісі болып жұмысқа кіргеніне 2 күн болған. Наталья жұмысқа шілде айында шақырылған. Алайда, ол уақытта балаларының бірін балабақшаға, екіншісін мектепке орналастырудың әлегімен жүрген ана жұмысқа қарауға мұршасы болмаған.

Қазір екі баламды білім беру мекемелеріне орналастырдым. Халықтан түскен қайырымдылық қаражатқа Helios компаниясы пәтер сатып алып берді. Балалардың мектебі мен балабақшасы да, жұмыс орным да үйдің дәл іргесінде орналасқан. Барлық қайырымды жандарға алғысымды білдіремін», - дейді Наталья қуанышымен бөлісіп.

Естеріңізге саламыз, 2013 жылдың 27 маусымында Алматыда Сейфуллин және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында бензовоз өртеніп, 27 жасар Александр Горюнов есімді қала тұрғыны қаза тапқан болатын. Тексере келе, бензовоздың тежегіші істен шыққандығы анықталған.

Кейіннен қала әкімі Ахметжан Есімов ҚР Президенті әкімшілігіне марқұмды мемлекеттік марапатқа ұсыну туралы өтініш жолдаған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!