Қаржы полициясы банктерден алуға болатын қолма-қол қаражаттың көлемiн шектеудi ұсынуда

Фотография - Қаржы полициясы банктерден алуға болатын қолма-қол қаражаттың көлемiн шектеудi ұсынуда

Қаржы полициясы жалған кәсiпкерлiктiң жолын кесу мақсатында екiншi деңгейлi банктерден алуға болатын қолма-қол қаражаттың көлемiн шектеудi ұсынды

163 0

Қаржы полициясы жалған кәсiпкерлiктiң жолын кесу мақсатында екiншi деңгейлi банктерден алуға болатын қолма-қол қаражаттың көлемiн шектеудi ұсынды. Бұл туралы бүгiн Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттiгiнiң сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелi экономикаға қарсы қоғамдық кеңесiнiң отырысында Экономикалық және қаржылық қылмыстар департаментiнiң бастығы Жанат Элиманов мәлiм еттi.

Агенттiктiң статистикасына сәйкес, Қазақстанда "көлеңкелi" экономиканың көлемi кем дегенде ЖIӨ-нiң 20 пайызына тең. Бұл шамамен жылына 5 трлн. теңге. Соның ең қомақты бөлiгiн жалған кәсiпкерлiк алады.

"Осы орайда, Агенттiк банктерден алуға болатын қолма-қол қаражаттың көлемiн заңдық тұрғыда шектеудi ұсынуда. Бұл жалған кәсiпкерлiктiң дамуына қажеттi барлық жағдайларды түп-тамырымен жояды. Қазiргi уақытта бiздiң елде кез келген тауар мен қызметтi қолма-қол ақшасыз да алуға болатындықтан, ешкiмге кедергi болмайды. Мұндай шектеу, керiсiнше, елде салық түсiмiн арттырып, жемқорлықты азайтады, парақорлық пен бюджеттiк қаржыны жымқырудың негiзiне нұқсан келедi", - деп атап өттi ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!