Имамдар дінді Skype арқылы насихаттауға көшеді

Фотография - Имамдар дінді Skype арқылы насихаттауға көшеді

Атырау қаласындағы мешітте уағыздар бұдан былай осы заманның  it-технологиясының көмегімен жүргізілетін болды

147 0

Атырау қаласындағы мешітте уағыздар бұдан былай осы заманның  it-технологиясының көмегімен жүргізілетін болды. «Иманғали» деп аталатын мұсылмандар құлшылық үйінің имам-хатыбы Амантай Садиевтың айтуынша, Атырау қаласының 3 мешітінде және 4 аудандық мешітте жуырда онлайн жүйесі іске қосылады.

Заманауи технологияның арқасында өздігігінен мешітке келе алмайтын адамдар енді Skype арқылы уағыз тыңдау мүмкіндігіне ие болады. «Қондырғы имамдардың кабинетінде емес, ғибадат залында орналастырылады»,- деді имам-хатыб. Оның айтуынша, бұл жаңалық көршілес жатқан Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының мешіт қызметкерлерін де қызықтырып, ой салған көрінеді. Олар өз жамағатына біздің насихатымызды осы технологияның көмегімен тыңдатуды жөн көріп отыр.

Сондай-ақ,  мұсылмандар жамағатымен Skype арқылы тек имамдар ғана емес, сонымен бірге, сарапшы-дінтанушы ғалымдар да тілдесе алады.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!