ШҚО қаржы полицейлері кәсіпкердің «алаяқтығын» анықтады

Фотография - ШҚО қаржы полицейлері кәсіпкердің «алаяқтығын» анықтады

Өңірдің қаржы полициясы департаменті бюджет қаржысын жымқыру бойынша жаңа қылмысты ашты

138 0

Өңірдің қаржы полициясы департаменті бюджет қаржысын жымқыру бойынша жаңа қылмысты ашты.

«Вертикаль» ЖШС директоры қамауға алынды. Оның үстінен мемлекеттік бюджеттен 105 млн. теңге көлемінде ақша ұрлады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ведомствода өткен брифингте.

«Өскемен су арнасы» коммуналдық кәсіпорнымен кәріздік коллекторды қайта жөндеу үшін 422 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасалған. Тапсырысты орындау кезінде кәсіпкер құбыр өндірушілерін ауыстырған. Бағаның айырмашылығы 105 млн. теңгені құрап отыр.

Сметалық құжаттамада жоғары сапалы шойын құбырларын Ресейдің «Свободный сокол» Липецкий металлургиялық зауыты өндірген деп көрсетілсе де, ол қытай өндірушісімен жұмыс істейтін кәсіпкермен келіскен.

«Вертикаль» ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!