Студенттер пара беруді білмеу керек

Фотография - Студенттер пара беруді білмеу керек

деп хабарлайды облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

295 0

Студент жастардың құқығы мен мүддесін көздейтін «Шымкент студенттері Альянсы» корпоративтік қоры «Студент жастар арасында «Таза сессия» жобасын жүзеге асыру» атты тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Баспасөз мәслихатына «Шымкент студенттер Альянсы» корпоративтік қорының атқарушы директоры Мағжан Исахов сыбайлыс жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу басқармасының инспекторы, қаржы полициясының подполковнигі Андрей Лопатников, жоғары оқу орындарының белсенді студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

«Өкінішке орай жоғарғы оқу орындарында жемқролық мәселесі бар. Қоғамның індеті болып саналатын сыбайлас жемқорлыққа оқу орындарында жол бермеуіміз керек. Еліміздің ертеңгі тірегі- жастар.

Жастардың негізгі бөлігі студенттер. Студенттер пара берудің не екенін білмеу керек. Студенттер таза болып, сапалы білім алуға ұмтылулары керек. Студенттер альянсының негізгі мақсаттарының бірі оқу орындарында жемқорлықпен күресу. Біз бірігіп бұл індетті жеңеміз, сол бағытта жұмыс жасайтын боламыз» - дейді Мағжан Исахов.

Бұл жобаның басты мақсаты облыстағы жоғары және арнаулы оқу орындарындағы жемқорлықтың алдын алу, белсенді студенттердің санын арттыру болып табылады. «Таза сессия» жобасы студент жастарға арнайы әдестемелік құралдар, ақпараттық плакаттар, брошюралар таратып, жасырын сауалнама жүргізетін болады. Аталмыш жоба ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасын таппақ.


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!