Енді әр қазақстандық өз несиелік тарихын небәрі 15 минутта біле алады

Фотография - Енді әр қазақстандық өз несиелік тарихын небәрі 15 минутта біле алады

Электрондық үкімет порталы «Дербес несие есебін алу» жаңа қызметін іске қосуда. Еgov.kz порталын әрбір қолданушы өзінің несиелік тарихын 15 минут ішінде тексере алады. Қызмет «Салық және қаржы» тарауының, «Экономика және қаржы» бөлімінде орналасқан.

218 0

Электрондық үкімет порталы «Дербес несие есебін алу» жаңа қызметін іске қосуда. Еgov.kz порталын әрбір қолданушы өзінің несиелік тарихын 15 минут ішінде тексере алады. Қызмет «Салық және қаржы» тарауының, «Экономика және қаржы» бөлімінде орналасқан.

Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Есепті алу үшін Қазақстанның белгілі бір банкінің төлем картасы мен электрондық-цифрлік қолтаңбаға (ЭЦҚ) ие болу керек.

Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңының 21-бабының 2-тарауы бойынша кредиттік тарих субъектісі, өзі туралы кредиттік есепті күнтізбелік жыл ішінде бір рет тегін алуға құқылы.

Осы қызмет бойынша күнтізбелік бір жыл ішінде қайталап жүгінген жағдайда, төлем 500 теңге (кредиттік бюро тарифі 400 теңге және 100 теңге порталдың төлемдік шлюзі арқылы төлем жасалғандығы үшін банктің комиссиясы) болады.

Жеке кредиттік есептемеде қарыз алушы жайлы және оның оған берілген міндеттемелерді орындауы туралы, тауар немесе қызметтерді несиеге ұсынатын, екінші деңгейдегі банктерден, лизингтік және тағы басқа да компаниялардан келіп түсетін, толық ақпараттар да болады.

Карыз алушының банктерден және басқа да несиелік ұйымдардан оған түскен, кредиттік тарихындағы сұраныстар саның көруге мүмкіндік береді.

Кредиттік есеп беру қызметі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Алғашқы несиелік бюросы» ЖШС мамандарымен жүзеге асырылған.

Толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы, сонымен қатар, тәулік бойы жұмыс атқаратын call-орталығынан 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Ұялы немесе қала телефондары арқылы қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!