Мектептерде шариғат шәлісін киюді тәжірибе ретінде байқап көру ұсынысы айтылды

Фотография - Мектептерде шариғат шәлісін киюді тәжірибе ретінде байқап көру ұсынысы айтылды

Қазақстан Мұсылмандар одағының жетекшісі Мұрат Телібеков білім беру мекемелерінде шариғат шәлісін жамылып жүруге қатысты тыйымға наразы екенін жеткізді.

178 0

Қазақстан Мұсылмандар одағының жетекшісі Мұрат Телібеков білім беру мекемелерінде шариғат шәлісін жамылып жүруге қатысты тыйымға наразы екенін жеткізді.

«Қазақстан өз саясатын жүргізуі керек. Шариғат шәлісін жамылып жүруге қатысты тыйым салған Франция секілді өзге елдерге көзсіз еліктемеуі тиіс. Баланы ерте бастан наным-сенімі басқа адамдар мен басқа мәдениеттің өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеуіміз керек. Мектеп қабырғасынан бастамасақ, мұның арты жақсылыққа апармайды»,– деп мәлімдеді ол.

Балалық шағын еске алған ол өткен ғасырдың 60-шы жылдары өзі оқыған оқу ордасында да пионер галстугын тағудан бас тартқандар болғанын жеткізді.

«Тотолитарлық режим үстемдік еткен уақытта да бұған рұқсат етілді. Сол кезде наным-сенімі басқа адамдарды құрметтеу керектігін ұқтық. Кейін уақыт көрсеткендей, елдің бәрі жаппай баптист болып кеткен жоқ. Сол себепті, тыйым салу – алыстан ойлайтын ақылды кісінің ісі емес»,– деді сөзін ары сабақтаған ол.

Осынау тыйымды жақтайтындардың да өз уәжі бар. Олардың айтуынша, қазақтар ешуақытта шариғат шәлісін жамылмаған көрінеді. Алайда, Мұрат Телібеков олардың бұл сөзімен келіспейді.

«Дін қандай да бір ұлттың меншігі емес. Шариғат шәлісін жамылу – ислам үкімдерінің бірі. Ал, Ислам діні – трансұлттық дін. Қазақ әйелдері шариғат шәлісін жамылмады деу – абсурд. Қазақтың қыз-келіншектері шолақ юбка кимеген, маникюр жасатпаған – ендігі жерде бұларға да тыйым саламыз ба? Халқымызда қызтеке деген болмаған – оларды да атамыз ба? Сондықтан мұндай уәждер сын көтермейді»,– дейді ашына сөйлеп.  .

Ол оқу ордаларында шариғат шәлісін жамылып жүруді алдымен тәжірибе ретінде байқап көруді ұсынды. Қандай да бір қолайсыздық туындаса немесе орынсыз әрекет бола қалса, құқыққорғау қызметкерлері мен прокуратураның көмегімен жағдайды реттеуге болатынын тілге тиек етті.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!