"Благодать" шіркеуінің 2 жасар қызда несі бар?

Фотография - "Благодать" шіркеуінің 2 жасар қызда несі бар?

Талдықорған қаласының тұрғыны құқық қорғаушылардан өзінің екі жасар қызын христиандық миссионерлік "Благодать" шіркеуінен қорғауын сұрап отыр

163 0

Талдықорған қаласының тұрғыны құқық қорғаушылардан өзінің екі жасар қызын христиандық миссионерлік "Благодать" шіркеуінен қорғауын сұрап отыр.

27 жастағы Санжар Асылбеков өзінің отбасының бұзылуына осы шіркеу кесірін тигізді дейді. Яғни, әйелі қазаққа жат ағымды насихаттап жүргендердің соңынан еріп кеткен. Қазір Санжар 2 жасар қызының аталған шіркеуге баруына барынша қарсылық танытуда. Дегенмен, сәбидің анасы алған бетінен қайтар емес.

"Мен олардың семинарына қатысып көрдім. Қандай былық болып жатқанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жылап, айқайлап жүр. Олар күшпен ұстайды. Мен қызымды мұндай жерге жібергім келмейді" дейді Асылбков.

Қызының тағдырына алаңдаған Санжар Алматы облысы балалар құқығын қорғау басқармасына арызданды. Ведомстводағылар қолданыстағы заң бойынша баланы күштеп ешқандай діни ұйымға алып баруға болмайтындығын айтып отыр - деп хабарлады  baq.kz

Айта кетейік, "Благодать" шіркеуі бұдан бұрынырақ та дауға себепкер болған. Ағымдағы жылдың мамыр айында Астанадағы шіркеу пасторының үстінен қылмыстық іс қоғалған болатын, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін. Кейінірек белгілі болғаны, ол ғибадатханаға келушілерге адамды есінен адастыратын сусын беріп отырған екен. Соның салдарынан бір азамат ақылынан адасып, жүйке жүйесі ауруларының диспансерінен бір-ақ шыққан еді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!