Өлім жазасын енгізу керек

Фотография - Өлім жазасын енгізу керек

Қазақстан мұсылмандары одағының басшысы Мұрат Телібеков өлім жазасын енгізуді сұрап, Н.Назарбаевқа хат жолдады. Ол Үндістандағы 23 жасар қызды зорлағандардың өлім жазасына кесілгенін мысалға келтіре отырып, заңды қатайту керек екендігін айтады

497 0

Қазақстан мұсылмандары одағының басшысы Мұрат Телібеков өлім жазасын енгізуді сұрап, Н.Назарбаевқа хат жолдады. Ол Үндістандағы 23 жасар қызды зорлағандардың өлім жазасына кесілгенін мысалға келтіре отырып, заңды қатайту керек екендігін айтады.

Телібековтің мәліметі бойынша, мұсылмандық құқық қорғаушылар бұл сот процесін мұқият бақылаған. Өйткені, бұл проблема қазіргі кезде Қазақстанда ушығып тұр. Қазақстан Үкіметі мұндай қылмыс жасағандарға қатысты жазаны күшейтуі керек, дейді ол.

«Біз өлім жазасын енгізіп қана қоймай, ауыр қылмыс жасағандарды халықтың алдына шығарып, көптің көзінше жазалауды да ескеруіміз керек. Өйтпегенде, елдегі зорлық-зомбылық қылмысын жеңе алмаймыз», - деп жазған Телібеков президентке жазған хатында.

Сонымен қатар, өлім жазасына өркениеттің өлшемі ретінде қарауға болмайды. АҚШ және Қытай бастаған көптеген елдер мұның жарқын мысалы бола алады, дейді Мұсылмандар одағының басшысы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!