Алматыда үздік көше тазалаушылар марапатталды

Фотография - Алматыда үздік көше тазалаушылар марапатталды

Алматыда қала күнін тойлау шеңберінде ҚР Тұңғыш Президенті саябағында «Үздік көше тазалаушы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау өтті

285 0

Алматыда қала күнін тойлау шеңберінде ҚР Тұңғыш Президенті саябағында «Үздік көше тазалаушы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау өтті.

Онда қазылар алқасының үй тұрғындарының арасында жүргізілген «Өз көше тазалаушыңыздың жұмысына қандай баға бересіз?» деген сауалнамасы бойынша бірінші орынға Алмалы ауданының Пәтерлер иелері кооперативінде (ПИК) жұмыс жасайтын Владимир Головченко ие болды. Жобаның бас серіктесі «Эфес Қазақстан» компаниясы жеңімпазға арнайы диплом мен 200 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлықты табыстады. Ал 2-3-орынды Әуезов ауданының ПИК-нен Әлімжан Рәзиев (150 мың теңге) пен Нәзира Атамұратова (100 мың теңге) иеленді. Сондай-ақ байқаудың еріктілеріне де ынталандыру сыйлықтарын тапсырды.

Жоба жетекшісі Нина Коганның айтуынша, бұл байқауды өткізу кезінде комиссия қатысушылардың ғана жұмысын бағалап қойған жоқ. Үй аулаларындағы тазалық, гүлзарлардың күйі көше тазалаушының жұмысы туралы үй тұрғындарының пікірін ескерді. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл байқау «Алматы үлгісіндегі тазалық» жобасы шеңберінде сәуір айында басталған болатын. Ол тұрғын-үйлерді басқарушы және қызмет көрсетуші ұйымдардың жұмысын белсендендіруге, сондай-ақ қаланы көркейту жұмыстарына тұрғындарды, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымын тартуға, қала тұрғындарының табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!