Ұйқысы қанбаған әкімдер Ноғаевтан сөгіс алды

Фотография - Ұйқысы қанбаған әкімдер Ноғаевтан сөгіс алды

Батыс Қазақстан облысында жиналыс үстінде ұйықтаған әкімдер жазасыз құтылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің мамандары.

178 0

Батыс Қазақстан облысында жиналыс үстінде ұйықтаған әкімдер жазасыз құтылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің мамандары.

Әкімдік мамандарының хабарлауынша, облыс әкімі осы оқиғадан кейін қосымша жиналыс өткізіп, ұйқысы қанбай жүрген әкімдерге жиналыста қалай отыру керектігін түсіндірді. Жиналысқа ауылдық округтерге жаңадан сайланған әкімдер қатысты. Жиналыс тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан босатылған жоқ, тіпті тәртіптік жазаға да тартылған жоқ.

Жиналысқа Өңірлік даму министрлігінің маманы Ғалия Жолдыбаева қатысып, сөз сөйледі. Министрлік өкілінен кейін іле-шала сөз алған Нұрлан Ноғаев ұйықтаған әкімдерді көп алдында сөгіп алды: «Сіз, апай, қай ауылдың әкімі боласыз? Жиналыс бойы ұйықтап отырдыңыз. Тек ол кісі ғана емес, әне анда және анда, сіздер де ұйықтап отырдыңыздар. Білдей Ел тұтқасын ұстаған азаматтар. Ұяттарыңыз бар ма өзі?».

Елінің қамы үшін түні бойы жұмыс істеп, бәлкім, ұйқылары қанбаған шығар. Есесіне әкімнің осы жолғы ескертуінен кейін келесі жолғы жиналысқа тың келері сөзсіз.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!