Қарағанды облысында студент қыз полицейлерге он мыңнан астам оқ-дәрі тапсырды

Фотография - Қарағанды облысында студент қыз полицейлерге он мыңнан астам оқ-дәрі тапсырды

Қарағанды облысының ішкі істер органдарына екі қала тұрғыны он екі мыңнан артық қарудың бірнеше түріне арналған оқ-дәріні тапсырды

297 0

Қарағанды облысының ішкі істер органдарына екі қала тұрғыны он екі мыңнан артық қарудың бірнеше түріне арналған оқ-дәріні тапсырды,

деп хабарлады аймақтық құқыққорғау ведомствосының баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылдың 13 тамызында Қарағанды қаласының ІІБ Оңтүстік -Шығыс полиция бөліміне 31 жастағы жергілікті тұрғыны оқ-дәрі салынған бірнеше пакетті әкелген.

«Пакеттерден «Наган» револьверіне арналған 7,62 мм калибрлі 246 оқ-дәрі, АК-74 «Калашников» автоматына арналған 5,45 мм калибрлі 530 оқ-дәрі, сонымен бірге СВД маркалы және винтовкаға арналған 346 оқ-дәрі табылды. Барлығы ер адам 2282 оқ-дәрі әкелген», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Полицейлерге жас жігіт осынша оқ-дәріні Сарань қаласында металл жинап жүрген кезде тауып алғанын айтқан.

Дәл сол күні Қарағанды қаласының ІІБ полицияның орталық бөліміне  Қарағанды экономикалық университетінің студенті, 22 жастағы қыз келіп, полицейлерді таңғалдырды. Ол 5,6 мм калибрлі аң аулайтын қаруға арналған 10075 оқ-дәрі тапсырды. Студент қыздың айтуынша, олар отбасымен Шахтинск қаласына көшіп келгенде шатырдан оқ-дәрі салынған қапшықты тауып алған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!