Қарағанды мешітінде жұма уағызы екі тілде жүргізіле бастады

Фотография - Қарағанды мешітінде жұма уағызы екі тілде жүргізіле бастады

Қарағанды облыстық орталық мешітінде жұма уағызының орысша нұсқасы жаңадан орнатылған электронды жүгіртпе жол тақтасы арқылы жамағатқа жеткізілетін болды

283 0


Қарағанды облыстық орталық мешітінде жұма уағызының орысша нұсқасы жаңадан орнатылған электронды жүгіртпе жол тақтасы арқылы жамағатқа жеткізілетін болды. 

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы, Қарағанды облыстық орталық мешітінің Бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен Қарағанды шаһарының көркіне айналып үлгерген орталық мешітті қазіргі заманның талабына сай ету мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда - деп хабарлады  baq.kz

Ислам дінінің асыл құндылықтарын барынша мешітке келушілерге қолжетімді ету бағытында мешіттің намаз оқитын негізгі залға ұзындығы 2,5 м, ал ені 50 см. болатын электронды жүгіртпе жолы орнатылды. Электронды жүгіртпе жолынан күнделікті ғибраты мол хадистер мен аяттар, хабарландырулар қазақ және орыс тілдерінде беріліп тұрады. Сонымен қатар бұл жүгіртпе жолы арқылы қасиетті жұма намаздарындағы мінберден қазақ тілінде айтылған уағыз-насихаттың бір мезгілде орыс тіліндегі аудармасы беріліп отырады. Өз кезегінде бұл жаңашылдық орыс тілді жамағаттың уағыз-насихатты еркін қабылдауына мүмкіншілік беріп отыр. Бұл жаңашылдықты құп көрген қарағандылықтар мешітте жасалып жатқан игі істерге алғыстарын да айтып үлгерді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!