Алматыдағы базардың өртенуіне сатушылардың өздері де кінәлі

Фотография - Алматыдағы базардың өртенуіне сатушылардың өздері де кінәлі

Алматыдағы киім-кешек базарының өртенуіне сатушылардың өздері де кінәлі. Мұндай пікірді бүгін Қазақстан, Беларусь және Ресей Төтенше жағдайлар министрліктерінің бірлескен ғылыми-техникалық кеңесі алдында БАҚ өкілдеріне еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко білдірді

156 0

Алматыдағы киім-кешек базарының өртенуіне сатушылардың өздері де кінәлі. Мұндай пікірді бүгін Қазақстан, Беларусь және Ресей Төтенше жағдайлар министрліктерінің бірлескен ғылыми-техникалық кеңесі алдында БАҚ өкілдеріне еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко білдірді.

«Барахолкада бейберекеттік орын алған. Біз бірнеше мәрте сот күшімен бұл барахолкаларды жапқанымызбен, сол базарлардың жұмысшылары ереуілдетіп, билікке базарды қайта ашуға әрі сот арқылы жабуға еш мүмкіндік бермеді»,- деді ол.

Сонымен қатар министрдің атап өтуінше, базар жұмысшылары өрт қауіпсіздігін де қамтамасыз етпеген. Соның салдарынан шыққан өртті сөндіру зор қиындықтар туындатты. «Ол жақта машинаның жүруіне еш мүмкіндік болмады, тіпті су да жоқ. Біз қазіргі уақытта осы базарлардың иелерімен мән-жайды қатаң айқындайтын боламыз», - деді В.Божко.

Естеріңізге сала кетейік, өрт салдарынан «Олжа», «Аян» және жарым-жартылай «Керемет» және «Алатау» базарларындағы барлығы 309 кәсіпкердің жалпы ауданы 5400 шаршы метр болатын шағын дүкендері өртеніп кеткен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!