Алматы облысы Бескөл ауылдық өңірінің тұрғындары дәрігерлік емхананы 40 жыл күтті

Фотография - Алматы облысы Бескөл ауылдық өңірінің тұрғындары дәрігерлік емхананы 40 жыл күтті

Бескөл ауылдық өңірінің тұрғындары үшін 5 кереуеттік күндізгі стационары бар тәулігіне 25 адам қабылданатын заманауи дәрігерлік емхананың есігі ашылды

194 0

Бескөл ауылдық өңірінің тұрғындары үшін 5 кереуеттік күндізгі стационары бар тәулігіне 25 адам қабылданатын заманауи дәрігерлік емхананың есігі ашылды.

Дәрігерлік емхана заманауи емдеу-диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Соңғы үш жылдың ішінде ғана Алакөл ауданында «Достық» шекаралық станциясында бірегей аурухана кешені, Көктума және Ақтүбек ауылдарында жоғары технологиялық медициналық жабдығы бар екі дәрігерлік емхана пайдалануға берілді, Үшарал қаласындағы орталық аурухана күрделі жөндеуден өткізілді.

Бескөл ауылдық өңірі аудандағы тұрғындарының саны бойынша екінші орынды алады, онда 8500-ге жуық адам өмір сүреді. Өңір аудан орталығынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!