Республика бойынша 2335-ші мешіт ел игілігіне берілді

Фотография - Республика бойынша 2335-ші мешіт ел игілігіне берілді

Алматы. 18 қыркүйек. BAQ.KZ - Еліміз алғаш Тәуелсіздік алған жылы республика бойынша бар жоғы 68 мешіт болатын

214 0

Алматы. 18 қыркүйек. BAQ.KZ - Еліміз алғаш Тәуелсіздік алған жылы республика бойынша бар жоғы 68 мешіт болатын. Қазіргі таңда Алланың жердегі үйінің саны екі мыңнан асты. Әр ауылдан, әр алуан мешіт бой көтергенде бір қуанып қалатын жайымыз бар. Осындай мешіттің бірі Алматы облысы Жамбыл ауданы Шилібастау ауылында да бой көтеріп салтанатты түрде ашылды. 

Мешіт ашылмас бұрын Алматы облысы Алматы өңірі бойынша өкіл имамы Аташов Әсет Қадірақынұлы Құран оқып, дұға жасады. Содан кейін сөз алған ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы:

— Бұл мешіт біздің республика бойынша 2335-мешіт болып отыр. «Кімде кім Алла тағала ризашылығы үшін құстың жұмыртқа басатын ұясындай мешіт салса да, Алла тағала оған жәннаттан үй салады»,-деп Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ның хадисін мысалға келтіріп, тағылымы мол уағыз айтып, ауыл тұрғындарын құттықтап, мешіт салған Жекенов Жұмажан Қуанышұлына алғысын айтты. Жекен әулие атымен аталған мешіттің бас имамы Шаймерден Оразбекұлына қасиетті Құран кәрім кітабын сыйлап, мешітіңіз жамағатқа толы болсын деді.

Жеке кәсіпкер Жекенов Жұмажан:

— Мен осы ауылдың шаңына аунап өстім. Ата-анамнан ерте айырылдым. Десек те ол Аллаһтың қалауы ғой. Бәріміз бір күні осы өмірмен қош айтысамыз. Қамшының сабындай қысқа ғана бес күндік жалған өмірде барлығыңызға бақыт тілеймін! Осы өмірде бақытты өмір сүруге әрқайсымыз лайықтымыз. Мен де өз бақытымды таптым. Ол — Ислам діні. Мен бар бақытымды асыл дінімізден тапқаннан кейін өзім туып өскен ауылға мешіт салсам деп ниеттендім. Ниетімді Аллаһ қабылдап, бүгін мешітіміз ашылып отыр. Мешітте діни тәлім алатын ұрпақ көбейсін! Асыл дініміз Ислам діні үшін қызмет ететін азаматтар өсіп-өнсін осы ауылдан,-деді.

Мешіттің ашылу салтанатынан кейін жиылған жамағат мешітке кіріп екі рәкағат «мешітке сәлем намазын» оқыды. Осыдан кейін жиылған жұртшылық жаңа мешітке кіріп, оқылған құранға қатысты. Шара соңында дастархан жайылып, барша жұртқа құдайы тамақ беріліп, бата жасалды - деп хабарлады ҚазАқпарат

Жалпақ жұрттың алғысына бөленген осындай сансыз сауапты іс атқарып, ізгілік нұрын шашқан мешіт салған Жұмажан Жекеновке Алла разы болсын! – деп тарасты көпшілік.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!