Полицияның жаңа түрі іске кіріседі

Фотография - Полицияның жаңа түрі іске кіріседі

Көп ұзамай елімізде әмбебап полицейлер жұмысқа кіріседі

280 0

Көп ұзамай елімізде әмбебап полицейлер жұмысқа кіріседі. Павлодар мен Тараз қалалық ішкі істер органдарының базасында әкімшілік және жол полициясы бөліністерін біріктіру тәжірибесі аяқталды. Енді оны басқа өңірлерде қолдану жоспарланып отыр.

Осы ретте Қызылорда облыстық ІІД бастығының бұйрығы бойынша кәсіби дайындалған жол полициясы батальонының 20 инспекторы 10 патрульдік автокөлікпен қамтамасыз етіліп, патрульдік полиция батальонының 20 полицейінен құралған взвод құрылды. Олар 10 тамыздан бастап екі аусымдық жұмыс кестесімен шаралар атқаруда. «Әмбебап полицей құру барысында қиындық туындамас үшін патрульді полиция өкілдеріне жол қозғалысы ережелері жан-жақты түсіндірілуде. Облыс орталығында тіркелген көліктер санына, жұмыс ауқымдылығына сәйкес біріктірілген бөліністе 77 адам қызмет атқаратын болады», - дейді ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілі Ерқанат Сәрсенбай.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!