80 жастағы қазақ ақсақалы халықаралық жарыста чемпион болды

Фотография - 80 жастағы қазақ ақсақалы халықаралық жарыста чемпион болды

 Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметінен хабарлады.

266 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы кір тасын көтеруден әлем және Еуропаның 18, Еуразия және Қазақстанның 5 дүркін чемпионы, Алматы облысы Көксу ауданы Жамбыл ауылының имамы Әмірбай Рысқұловты қабылдады. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметінен хабарлады.

11-17 қыркүйек аралығында Венгрияда егде жастағы спортшылар арасында Еуразия, Азия және Венгрияның Ашық біріншілігі халықаралық спорт жарысы өткен болатын. Кір тасын көтеру бойынша жерлесіміз Әмірбай ақсақал алтыннан алқа тағып қайтты. Қарияның жасы 80-ге таяп қалса да әлі тың. Өзін сергек ұстайды. Сонымен чемпион ақсақал 10 келі кір тасын 10 минут ішінде 231 рет сереп көтерген. Осы салмақтағы тасты 3 минутта 84 рет жұлқа көтерген, ал серпе көтерудің ұзартылған түрі бойынша 64 рет көтерген. Бас мүфти Әмірбай Сіләмжанұлын жеңісімен құттықтап, ілтипат көрсетіп, ізгі тілегін жеткізді.

Әмірбай ақсақал алдағы айда Архангельск қаласында өтетін дүбірлі додаға дайындалуда.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!