«Сарыарқа» еркін экономикалық аймағында 8 мың жұмыс орны ашылады

Фотография - «Сарыарқа» еркін экономикалық аймағында 8 мың жұмыс орны ашылады

Қарағандыдағы «Сарыарқа» еркін экономикалық аймағында инвесторларға барлық жағдай жасалған.

293 0

Қарағандыдағы «Сарыарқа» еркін экономикалық аймағында инвесторларға барлық жағдай жасалған.

Қазірдің өзінде мұнда шетелдік 53 компания өз кәсібін ашуға өтініш берген. Олардан келетін инвестиция көлемі 344 миллиард теңгені құрайды. Мұнда шамамен 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Барлық кәсіпорын іске қосылған күнде жылына 246 миллиард теңгенің өнімі өндірілмек. Қазірге 13 компания өз жұмысын бастады, оларға тиісті жер телімдері берілді. Ал 4 зауыттың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Келер жылы 9 кәсіпорынның іргетасы қаланбақ. Солардың қатарындағы ең ірі жобалардың бірі – теміржол вагондарын жасайтын зауыт. Айта кету керек, мұнда салынған кәсіпорындардың барлығы шикізатты отандық компаниялардан сатып алмақ. Өндірісті өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев экономикалық аймақта салынып жатқан жаңа зауыттардың құрылысымен танысып, оң бағасын берді.

Әнуар Ахметжанов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

- Биыл біз инфрақұрылымды толығымен бітіруді жоспарлаудамыз. Оған инвесторларға қажетті су құбырлары, жол, электр жүйелері және басқа да қажеттіліктер жатады. Сонымен келесі жылдан бастап инвесторлар толығымен арнайы экономикалық аймағына қаражаттарын салуға мүмкіндіктері болады.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!