Екібастұзда балалар үйінде тәрбиеленген 47 бала баспаналы болды

Фотография - Екібастұзда балалар үйінде тәрбиеленген 47 бала баспаналы болды

Екібастұзда жұмысшы жастарға арналып салынған қызметтік үйден 52 отбасына пәтер кілттері табысталды, деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

143 0

Екібастұзда жұмысшы жастарға арналып салынған қызметтік үйден 52 отбасына пәтер кілттері табысталды, деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Мемлекеттік баспананы үйлестіруде 47 жетім бала мен балалар үйінің тәрбиеленушілері басымдылыққа ие болды.

Жаңа үйдің кілтін облыс әкімі Е. Арын табыс етті. Өңір басшысы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтуды басты міндет деп атап өтті.

«Жуырда Ақсу қаласында екі үй қолданысқа беріліп, 20 жетім балаға 14 пәтердің кілті берілген болатын. Осы жылдың соңында «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 115 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілмек, онда жетім балалар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері бірінші кезекте баспанаға ие алмақ», - деп жеткізді өңір басшысы Е. Арын.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында Короленко көшесі, 74А мекенжайында орналасқан қызметтік үйді сатып алуға республикалық бюджеттен 142,0 млн. теңге бөлінді. Пәтерлердің жалпы ауданы 1640 шаршы метрді құрайды, үйде үш ойын бөлмесі бар. Үйді «Вершина» ЖШС мердігерлік ұйымы қалпына келтірді.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!