Алматыда құрылыс және инженерлік саладағы мамандар жетіспеуде

Фотография - Алматыда құрылыс және инженерлік саладағы мамандар жетіспеуде

«Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасы бойынша азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» республикалық акциясы бойынша бүгін Алматыдағы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мекемелердегі мыңнан астам бос жұмыс орны туралы қала тұрғындарына мағлұмат беруде.

336 0

«Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасы бойынша азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» республикалық акциясы бойынша бүгін Алматыдағы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мекемелердегі мыңнан астам бос жұмыс орны туралы қала тұрғындарына мағлұмат беруде.

Басқарма басшысы Әмір Құлмахановтың айтуынша, қазіргі таңда шаһарда ресми тіркеуде тұрған жұмыссыздардың саны 1989 адамды құрайды. Бүгінгі қабылдау кезінде әр аудандағы жұмыспен қамту орталықтары тұрғындарға бос жұмыс орындары және оған қалай орналасуға болатынын, бұл үшін қандай құжаттар керектігін түсіндіріп, кеңес беруде. Жалпы қазіргі таңда мекемелердегі сұраныстарға қарағанда негізінен түрлі біліктілік дәрежесіндегі жұмысшылар тапшы. Оның ішінде энергетик, дәнекерлеуші, тас қалаушы, ал жоғары білімді мамандардан энергетик, техник, механик сияқты инженерлік сала өкілдеріне сұраныс өте жоғары.

«Нұр Отан ХДП бірлесіп өткізіп отырған мұндай акциялардан бөлек, бізде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі де жиі өткізіліп тұрады. 500-ден 700-ге дейін адам қатысатын мұндай жәрмеңкелерден кейін әр жолы 300-дей адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік болып жатады. Бүгінгі қабылдауда біздің қызметкерлеріміз бос жұмыс орны туралы мәліметтерден бөлек, зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы аналар, тұрмысы нашар отбасылар мен өзге де әлеуметтік топтағы адамдардың өтініш-тілектерін қабылдап, оларға әлеуметтік бағдарламалар туралы кеңестер беруде. Сондай-ақ әлеуметтік жәрдемақылар мен көмектерге қол жеткізу жолдарын түсіндіруде», - дейді Ә. Құлмаханов.


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!