Ақжайық ауданында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

Фотография - Ақжайық ауданында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

Бүгін Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің орталығы Ілбішін ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

322 0

Бүгін Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің орталығы Ілбішін ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Құрылыстың құны - 96,3 млн. теңге, мердігері - «Тасқала трансгаз» ЖШС (басшысы Тілек Махметов). «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына сәйкес жұмысқа 35 адам тартылды.

Көлемі 430 шаршы метр амбулаторияда барлығы 33 бөлме болса, соның ішінде 25-і - жұмыс кабинеті, төрт адамға арналған стационарлық екі бөлме, 1 стоматология, 1 дәріхана бар - деп хабарлады ҚазАқпарат

Амбулаторияның ашылу рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айткүл Самақова, Шавхат Өтемісов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов және басқа лауазымды қызметкерлер қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышын бірге бөлісті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!