Тараздық әйел 13 тастанды балаларды бауырына басқан

Фотография - Тараздық әйел 13 тастанды балаларды бауырына басқан

Өзгені өз баласындай қабылдаған кең жүректі ана Зүлфия Түленова Тараз қаласында тұрады.

229 0

Өзгені өз баласындай қабылдаған кең жүректі ана Зүлфия Түленова Тараз қаласында тұрады.

Кезінде жетімдер үйінде жұмыс істеп, қазір 13 баланы  бауырына басқан. Еңбекқор жанның ертеден қара кешке дейін қолы босамай жүреді. Өйткені әр балаға мейірім шуағын төгу қажет. Әрі бұл балалар туабітті мүгедек болғандықтан, аурухана табалдырығын да жиі аттауға тура келеді. Балалар үйінде жұмыс істейтін Зүлфия Түленова 2007 жылдан бері қараусыз қалған балаларды асырап, бауырына басып келеді.  Абзал ана жатырын жарып шыққан баласын жаттың қолына тапсырып, жетім атануын қаламайды. Сондықтан тасжүрек аналар тастап кеткен балаларға бас болып, аядай бөлмесінде асырап отыр. Сыртынан бәз біреулер бұл игі істі бизнеске айналдырып алған дейтін көрінеді.

Зулфия Түленова, көп балалы ана:

- Егер мен мал бағып отырсам, онда бизнес деп айтар едім. Мүгедек болғанымен, бұлар да Алланың жаратқан пендесі. Олар да қоғаммен тең өмір сүруге құқылы.

Сонымен қатар «тастанды» деген тіркесті қолданбауымызды, «жетім» деген сөзді жек көретіндігін жеткізді. Былтыр қарауындағы бала қатары 9 болса, биыл олар 13-ке жеткен. Мейірімді анаға 25 балаға дейін асырап алуға рұқсат берілген.

Леонид Садықов:

- Осында жүргеніме 1,5 жыл болды. Маған ұнайды. Маған балалар үйі ұнамайтын. Онда жүргенімде анамды көріп, әпкем-қарындас, аға-інімнің болғанын армандадым.

Нұрбол Құттыбаев:

- Менің атым Нұрбол. Жасым төртте. Үлкен болған кезімде бастық болғымң келеді.

5 жасында қамқорлығына алған Нұрбол Құттыбаевтың қос қолы жоқ. Мейірімді ана мүгедек жандарға медеу болып, оларды қоғам қатарына қосу өз парызы екендігін айтуда. Сал болған сәбилерді бағып-қағып қана коймай, түрлі ауруханалардың табалдырығын тоздырып жүр. Бірінің қолы қимылсыз қалса, бірінің аяғы адым аштырмайды.

 


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!