Халықтың 3/1-і ғана зейнетақы жарнасын салады

Фотография - Халықтың 3/1-і ғана зейнетақы жарнасын салады

Жұмысқа қабілетті халықтың 3/1-і ғана тұрақты түрде ай сайын зейнетақы жарнасын салып келеді

107 0

Жұмысқа қабілетті халықтың 3/1-і ғана тұрақты түрде ай сайын зейнетақы жарнасын салып келеді.

«Зейнетақы жүйесіне қатысты әлемдік тәжірибеге келсек, егерде жинақтаушы жүйесіне 30 жыл қатысып, жыл сайын 12 мәрте жарнаны оған аударып отыратын болса, жинаққа инфляциялық инвестициялық табыс та қосылып отыратын болса, онда ол азаматқа өзінің алып келген еңбекақысының 40 пайызынан кем болмайтын зейнетақы тағайындалады. Біздің жағдайымызға келсек, қазір 9 миллионға жуық адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 5,9 млн. адам жалдамалы жұмысшы болып табылады. Олардың барлығы ай сайын өз жалақыларының 10 пайызын зейнетақы жарнасына аударып тұруы тиіс. Дегенмен соның 3,8 млн. адамы ғана тұрақты түрде ай сайын зейнетақы жарнасын салып келеді, ал қалған 2 млн.ға жуығы оны аударып отырған жоқ. Сонымен қатар 1,1 млн. үй шаруашылығындағы адам зейнетақы жүйесіне қатыспай отыр», - деді министр бүгін Астанада үкіметтік емес ұйымдармен болған семинарда - деп хабарлады baq.kz

Министрдің айтуына қарағанда, қазақстандық жұрт зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі тағдырын ойлап, бас қатырып жатқан жоқ. Көп адамдар жеке кәсіпорындарда, коммерциялық ұйымдарда жұмыс істейді. Кейбір жұмыс берушілер олардың еңбекақысынан міндетті зейнетақы жарнасын аудармайды. Осыған орай адамдарды зейнетақы жүйесіне қатысушы ретінде көбірек тарту жоспарланып отыр.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!