СҚО-да барлық тауар түрлері қымбаттады

Фотография - СҚО-да барлық тауар түрлері қымбаттады

Солтүстік Қазақстан облысында барлық тауар түрлерінің бағасы артты

206 0

Солтүстік Қазақстан облысында барлық тауар түрлерінің бағасы артты.

«Тұтыну бағаларының индексі 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,3%-ды құрады. Бағалар азық-түлік тауарларына 1,8%, азық-түлік емес тауарларға - 1,3%, ақылы қызметтерге 3,6% өсті», - дейді облыстық статистика департаменті басшысы Ольга Перепечина.

2013 жылғы тамызда бағаның нан және жарма, шұжық және ет өнімдеріне, май және тоңмай, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне - 0,1%, балық және теңіз өнімдеріне - 0,2%, қант және кондитер өнімдеріне - 0,6%, картопқа 2,8%-ға өсуі белгіленген. Жұмыртқа 0,2%, жеміс және көкөністер 0,4%-ға арзандады.

Кеңсе тауарлары мен сызу құралдары 0,7%, жуу және тазалау құралдары, үй тұрмысына қажетті заттар, тұрмыстық техника, киім мен аяқкиімнің жекелеген түрлері 0,2%-ға қымбаттады - деп хабарлады  Bnews.kz

Тұрмыстық аспаптарды жөндеу 0,8%, қонақүй қызметтері 0,7%-ға қымбаттады. Көлік қызметтері 0,3%-ға көтерілді, оның ішінде теміржол көлігімен жол жүру - 1,3%-ға. Демалыс, көңіл көтеру және мәдениет саласындағы қызметтерге бағалар өсімі 0,1%-ды құрады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!