Алматы әкімшілігі төрт жаңа айналма жолдың жобсын бекітті (фото)

Фотография - Алматы әкімшілігі төрт жаңа айналма жолдың жобсын бекітті (фото)

Жаңа айналма жолдардың жобасы ресми түрде Қала құрылысының кеңесінде бекітіліп қойылды.

276 0

Жаңа айналма жолдардың жобасы ресми түрде Қала құрылысының кеңесінде бекітіліп қойылды.

Сейфулин-Жансүгіров айналма жолының жобасы жолды жаппай-ақ тек шектей отырып салуға мүмкіндік береді. Бұл Сейфулин көшесінің түрлі «тарамдарының» арқасында мүмкін болмақ. Айналма жол көпірсіз болады, екі жер асты туннелі салынды.

Рысқұлов-Емцов айналма жолына «беде жапырағының» үлгісі қолданылады. Емцов көшесі Рысқұлов даңғылының үстімен көпір ретінде болады. Барлық бағытта көпірден түсу қарастырылған.

Ең күрделі айналма жолдардың бірі – Бөкейханов пен Солтүстік айналма жол. Оның міндеті Алматының киім кешек базарының аумағындағы қозғалысты жеңілдету.

Тағы бір айналма жол – әл-Фараби – Ремизовка. Ол айналма көпір ретінде болады және Алматыдағы ең жылдам жүретін тас жолға айналмақ.

Әзірге айналма жолдарды салу мерзімі анықталған жоқ. Өйткені жобалаудың бүге-шүгесі мен қаржыландыру мәселесі әлі шешілген жоқ. Шамамаен алғанда бұл жоба 2-3 жыл көлемінде аяқталып қалатын болар.


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!