Астананың жаңа бас имамы тағайындалды

Фотография - Астананың жаңа бас имамы тағайындалды

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Астана қалалық «Нұр Астана» мешітіне Өтпенов Наурызбай Тағанұлы бас имам болып тағайындалды

235 0

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Астана қалалық «Нұр Астана» мешітіне Өтпенов Наурызбай Тағанұлы бас имам болып тағайындалды, деп хабарлады azan.kz.

Наурызбай Тағанұлы Өтпенов 1997 жылы Ташкенттегі «имам әл-Бұхари» атындағы Ислам институтын бітіріп, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, «Көкірек ата» мешітінде имамдық қызмет атқарған.

1998-2000 жылдары ҚМДБ жанындағы екі жылдық Ислам институтында білімін жетілдірген.

2001-2006 жылдары ШҚО, Аягөз ауданының бас имамы, Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің наиб имамы;

2006-2011 жылдары ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкіл имамы, Қарағанды қалалық №1 орталық мешітінің Бас имамы;

2011 жылдың сәуір-қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің Бас имамы;

2013 жылдың 3 сәуірінде - Астана қаласының «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы болып тағайындалды;

2013 жылдың 20 қыркүйегінен бастап - Астана қаласы «Нұр Астана» мешітінің бас имамы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша аймақтық имамы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!