Павлодардың картобы Ресейге де жіберіледі

Фотография - Павлодардың картобы Ресейге де жіберіледі

Павлодар облысы Ауылшаруашылығы басқармасының соңғы мәліметтері осылай деп отыр.

220 0

Павлодарлық шаруалардың картобы Қазақстаннан басқа теріскейдегі көршіміз орыс ағайындарға да жіберілетін болды. Павлодар облысы Ауылшаруашылығы басқармасының соңғы мәліметтері осылай деп отыр.

Биылғы жылы Павлодар облысында картоп түсімі мол болмақ. Жалпы 320 мың тонна өнімнің үштен бір бөлігі ішкі нарыққа саудаға шығарылатын болса, тағы бір үштен бір бөлігі алдын-ала қол қойылған келісім шарт бойынша Ресейге экспортқа шығарылады. Қазіргі таңда Бурятия республикасы мен Ресейдің Омск, Курган және Новосібір облыстарына автомобиль және теміржол арқылы қартоп белсенді түрде жөнелтіліп жатыр.

Аймақтағы шару қожалықтардың бірі Алматыға 2 мың тонна өнім, екіншісі Алматы мен Ақтауға 5 мың тонна картоп жібереді екен. Бүгінде өңірдегі шаруа қожалықтары құны 280 млн. теңгенің келісім шартына қол қойып үлгеріпті.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!