Семейде футбол добы үлгісінде тақия тігілді

Фотография - Семейде футбол добы үлгісінде тақия тігілді

Қалалық дене мәдениеті мен спорт бөлімінің бастығы Мұрат Құржықаев футбол добына ұқсас тақия жасау туралы ойдың өздерінен шыққанын мақтанышпен жеткізуде. 

311 0

Қалалық дене мәдениеті мен спорт бөлімінің бастығы Мұрат Құржықаев футбол добына ұқсас тақия жасау туралы ойдың өздерінен шыққанын мақтанышпен жеткізуде. 

Семейде қазақ футболының 100 жылдығына орай тігілген тақия ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген. Мұрат Құржықаевтың айтуынша, осындай екі жүздей тақия тігілген көрінеді. Өзгеше тақия мерейтойға келген меймандарға кәдесый ретінде үлестірілді. Сондай-ақ, мерейтой құрметіне «Спартак» стадионының алдында бір бүйірінде қазақ тақиясы бейнеленген футбол добының мүсіні қойылды.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 20-22 күндері аралығында Семейде қазақ футболының 100 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтті. Осынау салтанатты шараға мәскеулік «Спартак», қазандық «Рубина», бішкектік «Алги», алматылық «Қайрат» және тбилисилік әрі киевтік «Динамо» клубтарының ардагерлері қатысты. Сондай-ақ, неміс аяқ доп шебері әрі жаттықтырушысы Хорст Хрубеш құрметті мейман ретінде шақырылды.


Тегтер:

Семей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!