Барахолкадағы өрттің неден шыққаны белгілі болды

Фотография - Барахолкадағы өрттің неден шыққаны белгілі болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Алматыдағы Барахолка базарындағы өрттің неден шыққанын мәлім етті.

130 0

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Алматыдағы Барахолка базарындағы өрттің неден шыққанын мәлім етті.

«Біз жүргізген тексерулер кезінде, контейнерлердің бірінде дәнекерлеу жұмыстары жүргізілгені белгілі болды. Соның салдарынан байқаусызда өрт шығып, контейнердегі киімдер өртене бастаған. Өрт жалпы 5,4 мың шаршы метр аумақты жалмаған», - деді В.Божко журналистерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, барахолкадағы оқиға бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандарға қатысты да қылмыстық іс қозғалған.

Естеріңізде болса, Алматы барахолкасындағы өрт 13 қыркүйекте басталып, келесі күні таңертең сөндірілген болатын. 5 мың шаршы метрден астам аумақта орналасқан 300-ден астам бутик өртенген.


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!