Жаңа ұшаққа Ғазиза Жұбанованың аты берілді

Фотография - Жаңа ұшаққа Ғазиза Жұбанованың аты берілді

Ақтөбе әуежайына «Эйр Астана» әуе компаниясының ерекше ұшағы қонды. Ұлттық компания сазгер әрі педагог Ғазиза Жұбанованың атымен атаған әуе кемесі алғаш рет Ақтөбеге қонды

254 0

Ақтөбе әуежайына «Эйр Астана» әуе компаниясының ерекше ұшағы қонды. Ұлттық компания сазгер әрі педагог Ғазиза Жұбанованың атымен атаған әуе кемесі алғаш рет Ақтөбеге қонды.

«Эйр Астана» өз ұшақтарына әйгілі отандастарымыздың аттарын беруді әдетке айналдырыпты. Қазір Хиуаз Доспанова, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова атындағы ұшақтар Қазақстанмен қатар, өзге де көптеген елдердің әуе кеңістіктерінде қалықтап жүр. Енді олардың қатарына Ғазиза Жұбанова атындағы ұшақ қосылды.

«Эйр Астана» жаңа лайнерді Ғазиза Ахметқызының отаны Ақтөбеде таныстырды. Айтулы шараға әуе компаниясының үкіметтік және заңнамалық мәселелері бойынша аға вице-президенті Ербол Оспанов және Ғ.Жұбанованың баласы мен немерелері қатысты.

Ербол Оспановтың айтуынша, бұл ұшақ әуе компаниясының бесінші жеке ұшағы. Қазіргі кезде әуе паркін жаңарту компания үшін стратегиялық тұрғыдан өте маңызды. 2014 жылдың соңына қарай компания әуе паркін 2010 жылдан кейін шығарылған ұшақтармен толықтыруды жоспарлап отыр. Осылайша, Singapore Airlines және Emirates сынды әлемнің жетекші әуе компанияларының деңгейіне көтерілмек ниетте.

Ғазиза Жұбанованың ұлы Адай Мәмбетов пен немересі Кәмила компанияға алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, Кәмила «Ғазиза Ахметқызы өмірде биіктерге самғады, оның көктегі орны енді мәңгіге сақталатын болды» дей келе, дарынды сазгердің шығармашылығы жайлы баяндады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!