“Astana Leisure 2013” туристік көрмесі ашылды“Astana Leisure 2013” туристік көрмесі ашылды

Фотография - “Astana Leisure 2013” туристік көрмесі ашылды“Astana Leisure 2013” туристік көрмесі ашылды

  25 пен 27 қыркүйек аралығында өтетін іс-шараға әлемнің 16 елінен 100 компания қатысып отыр

106 0

Бүкіләлемдік туристік күнді мерекелеу қарсаңында Астана қаласында Х Халықаралық “Astana Leisure 2013” туристік көрмесі ашылды.

   25 пен 27 қыркүйек аралығында өтетін іс-шараға әлемнің 16 елінен 100 компания қатысып отыр.

   Көрменің ашылу салтанатында турим саласындағы Республикалық Start-Up аймақтық жобаларының жеңімпаздарына дипломдар тапсырылды - деп хабарлады  baq.kz

   Бұл көрме жайында ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар Министрі Әсет Исекешев: “ “Astana Leisure 2013” туристік индустрия қатысушылары үшін тұрақты, жылдам дамып келе жатқан кәсіби платформа ретінде қалыптасты. Әр жыл сайын көрме географиясының кеңейіп, Қазақстан, Орталық Азия және алыс жақын шет елдерден келген көрермендердің санының өсіп келе жатқандығы қуаныш ұялатады. Туризмді дамыту отандық экономиканың ең көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл сала Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жаңа Индустрияландыру Бағдарламасының алдыңғы қатарында”, - деп пікірін білдірді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!