«Гелиос» компаниясы Алматыдағы жарылыс салдарын жоюға 135 млн. теңге жұмсады

Фотография - «Гелиос» компаниясы Алматыдағы жарылыс салдарын жоюға 135 млн. теңге жұмсады

 2013 жылы 27 маусымда Алматыда жанармай тасушы көліктің жарылуы салдарынан зардап шеккен үйлерді жөндеуге және үй иелерінің өтемақысына «Гелиос» компаниясы 135 млн. теңге жұмсады

327 0

 2013 жылы 27 маусымда Алматыда жанармай тасушы көліктің жарылуы салдарынан зардап шеккен үйлерді жөндеуге және үй иелерінің өтемақысына «Гелиос» компаниясы 135 млн. теңге жұмсады. Компания тарапынан барлық міндеттемелер орындалды. Бұл туралы бүгін Алматыда қайта қалпына келтірілген үйдің жайымен танысуға келген қала әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті.

«Гелиос» компаниясы автокөліктері өртеніп кеткен иелерінің бәріне өтемақы төледі. Жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, «Гелиос» компаниясы үйдің қасбеті мен пәтерлерін қалпына келтірді. Пәтерлерін өздері жөндеп алғысы келген тұрғындарға өтемақы төленді», - деді А.Есімов. Ол ақшалай өтемақы алған пәтер тұрғындары мен ПИК жетекшілеріне жылыту маусымына дейін бұл жұмыстарды аяқтауа өтініш білдірді - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Қаза болған жүргізушінің отбасына материалдық көмек пен қолдау көрсетілді, қазір сақтандыру агенттігімен оның балаларының кәмелеттік жасқа толғаннан кейін сақтандыру өтемақыларын алып тұруы үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Жүргізушінің жұбайы «Гелиос» компаниясына жұмысқа орналастырылды, ал марқұмның өзі мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды», - деді оңтүстік астананың басшысы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!