БҚО әкімі «Жайықмұнай» ЖШС бас директорын қабылдады

Фотография - БҚО әкімі «Жайықмұнай» ЖШС бас директорын қабылдады

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев «Жайықмұнай» ЖШС бас директоры Херманн Вендельді қабылдады

251 0

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев «Жайықмұнай» ЖШС бас директоры Херманн Вендельді қабылдады.

Баку (Әзірбайжан) мұнай және газ институтының түлегі Х. Вендель аталмыш компанияға бас директор болып таяуда тағайындалған еді. Бұған дейін ол Германия, Польша, Ресей және Қазақстанның мұнай-газ өндірісі саласында басшылық қызметте жұмыс жасаған. «Жайықмұнай» ЖШС-да 2012 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Облыс басшысы кездесу барысында оның басшылық қызметтегі бай тәжірибесіне жоғары баға беріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Бұған дейін ұзақ жыл компанияны басқарған Вячеслав Дружининге облыс экономикасын дамытуға қосқан зор үлесі үшін шынайы ризашылығын білдірді - деп хабарлады ҚазАқпарат

Херманн Вендельдің мәлім еткеніндей, қазіргі кезде Чинарев кен орнында жаңа зауыт құрылысы жүріп жатыр. Ол 2016 жылы іске қосылса, өндіріс көлемі екі есеге өседі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!