Елордада сегіз ай ішінде 5 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді

Фотография - Елордада сегіз ай ішінде 5 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді

Бұл туралы қалалық Статистика департаментінен хабарлады.

122 0

Елордада жалпы ауданы 554 688 шаршы метрді құрайтын 5 129 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы қалалық Статистика департаментінен хабарлады.

«Жеке үй салушылар жалпы ауданы 56 385 шаршы метрлік үй салды, 2012 жылдың қаңтар-тамыз айларында бұл көрсеткіш 157,1% құрады. Жеке тұрғын үй салудың жалпы үй салудағы үлесі өткен жылдың қаңтар-тамыз айларындағы 3,8% қарағанда 10,2% болды», - делінген ақпаратта.

Іс жүзінде 2013 жылдың 8 айында тұрғын үйдің жалпы ауданының 1 шаршы м құны елордада 98,8 мың теңге (2013 жылдың қаңтар-тамызында - 90,2 мың теңге), ал құрылыстың іс жүзіндегі орташа құны пайдаланылатын ауданның 1 шаршы м үшін 130,1 мың теңге (2012 жылдың қаңтар-тамызында - 122,2 мың теңге), соның ішінде жеке үй салушылар салған үйде 52,7 мың теңге болды.

Бұдан басқа, негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысындағы негізгі қаражаттың үлесі 19,7% құрады.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!