Астананың кез келген жеріне 20 минутта жетуге болады

Фотография - Астананың кез келген жеріне 20 минутта жетуге болады

Бұл туралы «Astana Innovations» АҚ төрағасы Саят Нүсіпов «Smart Astana 2013» конференциясында тілшілерге берген сұхбатында айтты.

201 0

Қазіргі кезде «Astana Innovations» акционерлік қоғамы Price Waterhouse және Coopers консалтингтік компаниясымен бірлесіп, 2020 жылға дейін Смарт Астананың жол картасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы «Astana Innovations» АҚ төрағасы Саят Нүсіпов «Smart Astana 2013» конференциясында тілшілерге берген сұхбатында айтты.

С.Нүсіповтың айтуынша, бүгінгі күні «Astana Innovations» АҚ 18-ге тарта жобаны жүзеге асырып жатыр. Оның ішінде 10 жоба смарт бастамалар, яғни әртүрлі салалардағы заманауи технологияларды тұрмыста пайдалануға бағытталған. Атап айтар болсақ, медицина, энергетика, ТКШ, көлік және басқа да салалар.

«Бұлардың ішінде бірінші кезекте көлік және қаупсіздік саласына көңіл бөліп отырмыз. Өйткені, ең алғаш адамдардың өмірі мен денсаулығы еліміз үшін маңызды екенін Мемлекет басшысы айтып өткен болатын. Осы орайда, заманауи технологияларды пайдаланып қала инфрақұрылымын жүйеге келтіріп жатырмыз. Бұрын қаланың бір нүктесінен екінші нүктесіне 50 минутта жетіп жүрсек, жаңа технологияларды пайдаланудың арқасында бұл уақытты 20 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік аламыз», - дейді С.Нүсіпов.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!