Smart Lamp электр қуатын 20 пайызға дейін үнемдейді

Фотография - Smart Lamp электр қуатын 20 пайызға дейін үнемдейді

Биылғы «Smart Astana 2013» конференциясы осы жобаның жол картасын талқылауға арналады

186 0

Биылғы «Smart Astana 2013» конференциясы осы жобаның жол картасын талқылауға арналады. Мемлекет басшысы бұл жобаны 4 жылдан кейін өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне дейін аяқтауды тапсырды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Smart Astana 2013» конференциясында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов айтты.

Оның айтуынша, жоба аясында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтсақ, Smart Lamp және Smart водопровод жобаларын іске асыру қарқынды түрде қолға алынған. Smart Lamp бағдарламасының көмегімен қаланы жарықтандыруға жұмсалатын электр қуатын 20 пайызға дейін үнемдеуге болады. Smart водопровод жобасы толығымен іске асырылса, жарылған құбырларды жылдам әрі тиімді анықтауға, осылайша далаға төгілетін суды 8 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, екі маңызды сала: қауіпсіз қала және интеллектуалдық көлік жүйелері бағытында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.

«Қауіпсіз қала» жобасының басты мақсаты қоғамдық тәртіпті бақылауға тартылған құрылымдардың қызметін тиімді үйлестіру және қалада төтенше жағдайлар туындағанда, ахуалды жылдам ретке келтіру. Әлемде бұл жобаны енгізген елдерде ауыр қылмыстардың саны 30 пайызға қысқарған, қылмыстарды анықтау деңгейі 50 пайызға дейін артқан - деп хабарлады  baq.kz

«Интеллектуалдық көлік жүйелері» жобасы аясында орталықтандырылған мультимодальдық басқару жүйесі іске қосылады. Бұл – транзиттік желілер мен жолдарда көліктердің еркін жүріп-тұруына, кептелістерді жоюға мүмкіндік береді. 2014 жылдың 1 сәуірінде бұл жобаның пилоттық бөлігі іске қосылады. Ал 2017 жылға дейін бұл жүйені толығымен аяқтауды жоспарлап отырмыз, дейді И.Тасмағамбетов.

Жалпы «Smart Astana 2013» жобасы бойынша 10-нан астам жоба қолға алынған. Ал бүгінгі конференцияда жасалған ұсыныстар негізінде «Smart Astana 2013» жобасының жол картасы жасалады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!