Болашақ қозғалысы көлік апатын азайтпақ

Фотография - Болашақ қозғалысы көлік апатын азайтпақ

Кеше 25-ші қыркүйек күні Болашақ Республикалық Қозғалысы «Жол апатын азайтайық» деген атаумен Алматы қаласының шетіндегі «Алтын Орда» базарының маңындағы «Барлық» автобекетінде акция өткізді

246 0

Кеше 25-ші қыркүйек күні Болашақ Республикалық Қозғалысы «Жол апатын азайтайық» деген атаумен Алматы қаласының шетіндегі «Алтын Орда» базарының маңындағы «Барлық» автобекетінде акция өткізді. Акцияның мақсаты Алматы қаласынан Оңтүстік бағытта қатынайтын автобустардың жүру уақытын түннен күндізге ауыстыру. Қазіргі таңда Алматы қаласының үш автобекетінен Оңтүстікке қарай күніне жүзге арта автобус шығады екен. Болашақтықтардың айтуына қарағанда тек соңғы бір аптаның ішінде жолаушы тасымалдайтын автобустардың қатысуымен елімізде үш жол-көлік апаты орын алған. Соның салдарынан үш адам қаза тауып ондаған адам жараланған. Ал алдыңғы жылмен салыстырғанда Қазақстан жолдарында жол көлік апатынан көз жұмған адамдар саны 59% өсіп, тек алдағы жарты жылдың ішінде 2000-ға жуық қазақстандықты опат қылған.

Акция барысында Болашақтықтар қалааралық рейстерге мінуге келе жатқан адамдарға брошюралар таратып оларды жолға тек күндізгі автобустармен шығуға үгіттеді. Алайда олардың бұл қимылы автобекет басшылығына ұнамай тарапты екі жақтың арасында кикілжің болды. Салдарынан базар ішіне кіре алмаған жастар 2000-нан аса үнпарақтарын базар сыртында ғана таратқан.

«Болашақ Республикалық Қозғалысының» төрағасы Даурен Бабамұратов:- біздің акция жекелеген базар әкімшілігі не болмаса жүргізушілерге қарсы бағытталмаған. Біздің мақсат бұл рейстерді тоқтату емес, тек олардың жолға шығу уақытын күндізгіге ауыстыру. Статистика бойынша қала аралық жолдардағы көлік апатының басым көпшілігі түнде болады екен. Айталық соңғы Жамбыл облысындағы рейстік автобуспен жеңіл көліктің соқтығысуы түнгі сағат 23:00-де болған. Және басқа да ақпараттар осыны дәлелдейді. Біздің халық арасындағы үнпарақ таратуымыз бұданда ары жалғасады. Ертең осы мәселеге байланысты премьер-министрге күрмеулі мәселенің шешуін талап етіп хат жолдаймыз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!