400-ден астам жылқы қасқырға жем болды

Фотография - 400-ден астам жылқы қасқырға жем болды

Шығысқазақстандық шаруа қожалықтары кейінгі кезде жиілеп кеткен түз тағыларының шабуылынан әбден зәрезап болды.

244 0

Шығысқазақстандық шаруа қожалықтары кейінгі кезде жиілеп кеткен түз тағыларының шабуылынан әбден зәрезап болды.

Аңшылар мен ауыл адамдары қасқырларға қарсы күресті күшейткенімен олардан келетін қауіптің беті қайтар емес.

Ресми дерек көзіне жүгінсек, биылғы жыл басынан бері аңшылар 315 бөрі мен 30 бөлтіріктің көзін жойған, деп хабарлайды Аltaynews.kz Соған қарамастан, ит-құстың малдарға шабу оқиғалары толастар емес.

«Қасқырлар жылда шаруаларды үлкен шығынға ұшыратады. Мәселен, өткен жылы Тарбағатай мен Зайсан аудандарында жыртқыштар бір күнде біраз малды тартып, 15 млн. теңге шығын әкелді», - дейді ШҚ облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы табиғат қорғау бағдарламалары бөлімінің басшысы Медет Нұрғалиев.

Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері қасқырлар 400-ден астам жылқыны, 250-дей мүйізді ірі қараны, мыңнан астам ұсақ малды, 50 марал мен теңбіл бұғыны жапырып кеткен.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!