Қызылордада 306 шетелдік азаматтың заңсыз жүргендері анықталды

Фотография - Қызылордада 306 шетелдік азаматтың заңсыз жүргендері анықталды

Қызылорда облысы көлемінде азаматтардың заңсыз көші-қонына және адам саудасына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

122 0

Қызылорда облысы көлемінде азаматтардың заңсыз көші-қонына және адам саудасына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш шараны өткізу ағымдағы жылдың қыркүйек айының 23-27 аралығында жоспарланып, шараның алғашқы екі күнінде нәтижелі жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, бүгінгі күнге дейін облыс көлемінде заңсыз келген 306 шетел азаматы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Осы жауапкершілікке тартылған азаматтардың 300-і Өзбекстан Республикасының азаматы болса, ал қалған 6 азаматтың Италия және Түркия мемлекетінен келгені белгілі болды.

Сондай-ақ шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды белгіленген тәртіппен уақтылы тіркеуден өткізбегені үшін 18 облыс тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 395-бабымен шара көрілген. Онымен қоса шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзудың 19 дерегі анықталған.

Іс-шара кезінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 11 Өзбекстан азаматы Қызылорда ОІІД-нің қабылдау-реттеу мекемесіне орналастырылған. Сондай-ақ, қаладағы бір үйде құрылыс жұмыстарымен айналысып жүрген Өзбекстан азаматы Б.М.-ның құжаттарын тексеру кезінде оның ҚР аумағынан шығару туралы әкімшілік сот қаулысын орындамағандығы белгілі болған. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 330-бабымен қылмыстық іс қозғалып, ісі сотқа жолданды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!