Атырау облысында балаларды асырап алу деңгейі едәуір артты

Фотография - Атырау облысында балаларды асырап алу деңгейі едәуір артты

 Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті

156 0

Атырау облысында балаларды асырап алу деңгейі елеулі көлемде артты.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті.

«Балаларды асырауға алып жатқан адамдар негізінен атыраулықтар. Мен бұл мәселені мұқият қарап шықтым. Тек соңғы бір жарым жылдың ішінде асырап алған балалардың саны бойынша 10 жылда болмаған көрсеткіштен асып отыр. Біз бір балалар үйін жаптық және тағы бір балалар үйіндегі жеткіншектердің саны кәдімгідей азайды. Бұны жақсыға балап отырмыз, біріншіден - бұл адамдардың тұрмыстық жағдайы түзелгендігін көрсетеді»,-деді әкім. Осы орайда Атырау облысындағы орташа жалақы көлемі республика бойынша ең жоғары деңгейде екенін сөз етті ол.

«Екіншіден - адамдардың сәбилерге, өскелең ұрпаққа деген көзқарасын көрсетіп отыр. Осының барлығын облыста жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі деп ойлаймын».

Сонымен қатар жетім балаларды шетелдіктердің асырап алуына беру мәселесіне тоқталған әкім, «әрине, 90-шы жылдардағы экономикалық қиындықтарға байланысты, сондай-ақ балалар үйлерінде дертке шалдыққан, мүгедек балаларды түгел қамти алмауына орай осындай жағдайлар болған. Қазір жағдай түзелуде. Балалар үйіндегі жеткіншектер саны азайып келеді. Сондықтан өз балаларымыз өзіміздің жерімізде тәрбие алып, емделгені дұрыс деп ойлаймын. Халқымыздың санының азайғаны бізге ешқашан да абырой әкелмейді»,-деп түйді Бақтықожа Ізмұхамбетов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!