Талдықорған Туған күнін атап өтті

Фотография - Талдықорған Туған күнін атап өтті

Бүгін Қазақстанның көрікті қалаларының бірі - Талдықорған қаласы Туған күнін атап өтуде

339 0

Бүгін Қазақстанның көрікті қалаларының бірі - Талдықорған қаласы Туған күнін атап өтуде.

Қала күні қазіргі уақытта жаңа форматта мерекеленетін болған. Ұйымдастырушылар бірінші кезекте жеткіншек ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталған мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды әзірледі. 12 қыркүйектен бастап Талдықорғанда күн сайын жүздеген қалалық белсенді қатысқан мерекелік, мәдени, танымдық іс-шаралар өткізілді.

Қала күні қарсаңында қалалық мекемелер және ұйымдар 200-ден астам қарттарға және әлеуметтік жағдайы төмен қалалықтарға, соның ішінде Ұлы Отан соғысының 110 ардагеріне жалпы сомасы 2 млн. теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті

Талдықорған қаласының әкімдігі өткен жылы жарияланған тақырыптық байқаулардың қорытындысын шығарды. Олардың барлығы әлеуметтік және экономикалық сипатта өтті. Ал ең бастысы - бұл байқау барлық қала қызметтерінің сапалы жұмыс істеуіне жағдай жасады. Байқауға 12 адам қатысты. Жеңімпаздар әр түрлі сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар алды.

Құттықтау сөздерінен кейін қалалықтар қаланың үздік көркемөнер ұжымдарының, сондай-ақ отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік гала-концертті тамашалады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!